Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«QazMed» РҚБ өкілдері Астанадағы №1 ауруханасының ұжымымен кездесті

4 ақпанда «QazMed» салалық кәсіподағының төрағасы Матишев Алиақпар Болатұлы және «QazMed» кәсіподағының кеңесшісі Біртанов Елжан Амантайұлы «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК ұжымымен, атап айтқанда «Үміт» жергілікті кәсіподағының мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында Алиақпар Матишев «QazMed» кәсіподағының қызметі туралы, оның құрылу тарихы, даму кезеңдері және қазіргі басым бағыттары жөнінде ақпарат ұсынды. Іске асырылып жатқан бастамаларға, соның ішінде «90/10» қаржылық моделіне ерекше назар аударылды. Бұл модельге сәйкес, кәсіподақ мүшелік жарналарының 90% бастауыш кәсіподақ ұйымының қарамағында қалып,ал тек 10 % салалық кәсіподаққа аударылады. Аталған тетік бастауыш кәсіподақтардың ұжымдық шешімдер қабылдаудағы негізгі деңгей ретіндегі рөлін күшейтуге бағытталған және салалық кәсіподақтың стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады.

Кездесуді жалғастыра отырып, Елжан Біртанов отандық денсаулық сақтау саласының дамуына қатысты өзекті мәселелерге, сондай-ақ өңірлердегі кездесулер барысында медициналық қызметкерлер көтеріп жүрген проблемаларға тоқталды. Оның айтуынша, бұл мәселелер «QazMed» төрағасының кеңесшісі ретіндегі қызметі аясында жүйелі түрде қоғамдық және сараптамалық алаңдарға шығарылып келеді.

Сонымен қатар, спикерлер медицина қызметкерлердің салалық кәсіподақтарын біріктіру тақырыбын және «QazMed» кәсіподағының медицина қызметкерлердің республикалық Съезін өткізу жөніндегі бастамасын талқылады. Бұл ретте мұндай бірігу қажеттілігі туралы шешімді тек медицина қауымдастықтың өзі қабылдауға құқылы екені атап өтілді.

Кездесу соңында «QazMed» өкілдері қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.