Қазақстан кәсіподағы қозғалысына 120 жыл және “25 қазан Республика күніне” орай QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы медицина қызметкерлері арасында облыстық спартакиада өткізді.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Федерациясы «Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Бақтияр Қараулов ашты. Қатысушыларға медицина саласының ардагері Төленбек Қамбарбекұлы Сауырбеков пен бірлестіктің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Махашов сәттілік тіледі.
Жарыс түрлері:
Футбол (кіші), волейбол, арқан тартыс, үстел теннисі (ерлер мен әйелдер) арасында, армреслинг (ерлер мен әйелер) арасында, дартс (бас дәрігерлер арасында) болды. Әр ойын түрлеріне 3 орыннан берілді.
Спорттық додаға 7 команда қатысты. Олар:
1. «Иммунитет» - Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы және Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы
2. «Ұлы дала» - Қалалық көпбейінді аурухана және консультативтік диагностикалық орталығы мен Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы
3. «Бірлік» - Жамбыл облыстық онколгия және хирургия орталығы және Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы мен №7 қалалық емханасы
4. «Адреналин» - Қордай аудандық және Тұрар Рысқұлов орталық ауруханалары
5. «Қыран» - Талас аудандық орталық ауруханасы және Сарысу аудандық орталық ауруханасы
6. «Шипагер» - Мойынқұм және Шу аудандық орталық ауруханалар
7. «Ақ сұңқар» - Байзақ аудандық және Жуалы аудандық орталық ауруханалары мен Жамбыл облыстық мамандандырылған оңалту орталығы.
Төрешілердің шешімімен:
Ойыншыларға әр ойын түрінен 3 орын берілді.Жарыста ойынның әр түрінен алға суырылып шыққан командаларға Дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.
Ойынның аяғында командалардың алған баллдары есептіліп, командалық орындар анықталды:
1-ші орынды “Ұлы дала” командасы
2-ші орынды “Иммунттет” командасы
3-ші орынды “Бірлік” командасы иеленді.
Жеңімпаздар ақшалай сыйақылармен кубок және медальдармен марапатталды.
Сонымен қатар, спартакиадаға қатысқан барлық мекемеге бірлестік атынан “белседілігі үшін” Алғыс хаттар және сыйақы сертификаты берілді.
https://www.facebook.com/reel/5079823572243485