Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«QazMed» салалық кәсіподағы Алматы қ. кәсіподақ мүшелері үшін оқыту семинарын ұйымдастырды

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Алматы қаласында №5 Қалалық клиникалық аурухана базасында "Алматы QazMed" және С. Д. Асфендияров атындағы "ҚазҰМУ" жергілікті кәсіподақтарына кіретін Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері үшін оқыту оқыту  семинары өтті. ".

Семинарды№5 ҚКА бас дәрігері Б. Н. Садықов және "QazMed" салалық кәсіподақ төрағасының бірінші орынбасары С. А. Алтынбеков ашты.

Семинардың тақырыптары маңызды және әрқашан өзекті болды:

  1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерін құқықтық қорғау тәсілдері мен құралдары.
  2. Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің құқықтық жауапкершілігінің түрлері. Медициналық қате.
  3. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің қылмыстық, әкімшілік, азаматтық және тәртіптік жауапкершілігі. Медициналық құпия.

Дәріскер ретінде М. Оспанов атындағы  БҚМУ Медициналық құқық мәселелерін зерделеу институтының басшысы Талғат Бауыржанұлы Жұмағазин сөз сөйледі. Талғат Бауыржанұлы семинардың үш сағатында қатысушыларға маңызды ақпаратты жеткізіп, өз тәжірибесінен мысалдар келтіріп, бірқатар маңызды мәселелерді назарға алды.Семинарға қатысушылар оқыту барысында оларды толғандыратын сұрақтар қойып, лектордан толық жауаптар алды

Сонымен қатар,іс-шараны ұйымдастырған "QazMed" кәсіподағы семинардың басында барлық қатысушыларға осындай іс-шаралардың тиімділігіне талдау жүргізу және пікірлер мен тілектерді есепке алу үшін кері байланыс сауалнамаларын таратты.

"QazMed" кәсіподағының және оның семинарды ұйымдастыру жөніндегі жергілікті өкілдіктерінің күш-жігерін қатысушылар оң бағалады, өйткені олар ҚР Азаматтық және қылмыстық заңнамасы бойынша, оның ішінде қандай да бір жағдайларда іс-қимыл алгоритмі бойынша маңызды білім алды.

Мұндай оқыту семинарлары медицина қызметкерлері үшін маңызды рөл атқарады. Кәсіподақтың қызметкердің кәсіби өміріне қатысуы денсаулық сақтау қызметкерлерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша шешімдердің тиімділігін арттыруға ықпал етеді және бұл өз кезегінде кәсіподақ қозғалысына деген сенімді нығайтады.