Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«QazMed» салалық кәсіподағы геронтология мен гериатрия саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға атсалысты

10 қазан күні, Астана қаласында «Қазақстандағы геронтология мен гериатрияның жағдайы және даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Мұратов Тимур Мұратұлы, геронтология және белсенді ұзақ өмір сүру саласындағы жетекші сарапшылар, дәрігерлер мен зерттеушілер қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар геронтология саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, қарт адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тәжірибелерімен және практикалық ұсыныстарымен бөлісті.

Конференцияны ұйымдастыруға «QazMed» салалық кәсіподақ қолдау көрсетті. Кәсіподақтың пікірінше, аға буынның мәселелеріне көңіл бөлу – қоғамның кемелдігі мен адамгершілігінің көрсеткіші, ал геронтология мен гериатрияны дамыту – қазіргі заманғы медицинаның басты бағыттарының бірі болып табылады.

Конференция жұмысына «QazMed» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Матишев Алиақпар Болатұлы және Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, «QazMed» кәсіподағының кеңесшісі Біртанов Елжан Амантайұлы қатысты.

Өз сөзінде Елжан Амантайұлы бүгін елордада үш маңызды іс-шара өтіп жатқанын атап өтті. Оның бірі – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған, елдегі кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған республикалық съезд. Бұл оқиғаның ерекше мәні бар, өйткені ол Алиақпар Болатұлы мен бірге осы конференцияда «QazMed» медицина қызметкерлерінің салалық кәсіподағын ұсынып отыр деді.

Сонымен қатар, ол Астанада Қазақстан денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығының V конференциясы және, әрине, бүгінгі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатқанын айтты. Бұл конференция Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Елжан Амантайұлы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ұйымдастырушы – Республикалық ардагерлер госпиталінің басшысы Уразалина Динара Аманболқызына алғысын білдірді.

Конференция тақырыбына тоқтала отырып, Елжан Амантаевич өз баяндамасының геронтологияның экономикалық қырына арналғанын айтты. Денсаулық сақтау менеджері ретінде ол мәселені тек медициналық емес, сонымен қатар басқарушылық тұрғыдан қарастыратынын атап өтті. Өз сөзінде ол халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанда геронтологияны дамытудың өз көзқарасын таныстырды, бірқатар ұсыныстар мен ықтимал экономикалық салдарларды ұсынды. Сондай-ақ, ол аға буын азаматтарына қолдау көрсету жүйесін нығайтуға бағытталған инновациялық бастамаларды енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Конференция жоғары деңгейде өтті, онда көптеген талқылаулар болып, Қазақстанда енгізуге болатын сарапшылардың инновациялық әрі пайдалы идеялары мен ұсыныстары айтылды.