2026 жылғы 4 ақпанда «QazMed» салалық кәсіподағы Астана және Алматы қалаларынан, сондай-ақ Ақмола және Жамбыл облыстарынан қатысқан медицина ұйымдары қызметкерлері — кәсіподақ мүшелері үшін оқыту онлайн форматындағы семинар өткізді. Кездесудің тақырыбы «Келісу комиссиясы туралы» болды.
Семинардың спикері «QazMed» РҚБ заңгері Алмат Аида Орекенқызы болды. Оқыту барысында қатысушыларға еңбек дауларын сотқа дейін реттеудегі келісу комиссиясының маңызы, сондай-ақ оның жұмыс істеу тәртібі мен негізгі алгоритмдері жан-жақты түсіндірілді.
Семинар соңында Аида Алмат тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Барлық қатысушыларға кәсіби қызметінде практикалық қолдануға арналған үлестірме материалдар ұсынылды. Сонымен қатар, алдағы оқыту іс-шараларының сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында қатысушылар арасында сауалнама жүргізілді.