«QazMed» салалық кәсіподағының өкілдері денсаулық сақтау жүйесіндегі 2026–2028 жылдарға арналған Салалық келісім жобасын алдын ала талқылау кезеңінен бастап, кейін жұмыс тобының отырысы барысында да белсенді түрде қатысып отырды.
Талқылау барысында «QazMed» медицина қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, олардың әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды толықтырулар мен нақтылаулар ұсынды.
Кәсіподақ мемлекеттік органдар мен кәсіби қауымдастық арасындағы сындарлы диалогтың маңыздылығын атап өтеді, өйткені қабылданатын шешімдер медициналық қызметкерлердің өз пікірін ескере отырып қабылдануы тиіс.