26 қараша кұні «QazMed» салалық кәсіподағының төрағасы Матишев Алиақпар Болатұлы Алматы қаласындағы «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК барып, мекеме ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында төраға орталықтың бас директоры Ескалиева Алтынай Төкенқызы және бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ әрі қарайғы ынтымақтастық пен бірлескен жұмыс жоспарына қатысты бірнеше тақырыпқа тоқталды.
Кездесу соңында марапаттау рәсімі өтті. Алиақпар Матишев орталықтың белсенді қызметкерлеріне олардың еңбегі мен ынтасы үшін алғысын білдірді.
Кәсіподақ ұйымдастырушысы Сулейменова Айгүл Агабековна «QazMed» салалық кәсіподақ медалі «Үздік әлеуметтік серіктес»пен марапатталса, бастауыш ұйымның қазынашысы Смаилова Рахима Чаякеновна Құрмет грамотасымен иеленді.
Бұл марапаттар олардың кәсіподақ қозғалысын дамытуға және әлеуметтік серіктестікті нығайтуға қосқан үлестерін көрсетеді.