19 желтоқсанда «QazMed» салалық кәсіподағында Атқарушы комитеттің отырысы өтті. Бұл отырыс жылдық жұмыс қорытындыларын шығару және кәсіподақ қызметінің келесі бағыттарын айқындау үшін маңызды алаң болды.
Отырысты «QazMed» РҚБ төрағасы Матишев Алиақпар Болатұлы жүргізіп, оған «QazMed» құрылымына кіретін жергілікті кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен өкілдері қатысты.
Отырыстың жұмысына қатысқандар:
• «QazMed» кеңесшісі Біртанов Елжан Амантайұлы
• «Almaty-QM» Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрайымы Аманжолова Зауреш Джуманалиевна
• «Ақмола облысы денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің «SENIM» жергілікті кәсіподағы»ҚБ төрағасы Какенов Серік Қабдушұлы
• «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Катбаев Сакен Арыстанұлы
• «Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағы» ҚБ төрағасының орынбасары Даньяров Самат Бағдатұлы
• «Медицина, бюджеттік ұйымдар және өзге де салалық қызметкерлердің «ОҢТҮСТІК» жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрайымының орынбасары Турашбеков Әбдіжаппар Құрбанұлы
• «Түркістан облысының спортшылары мен спорт саласындағы қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары Бердашев Айтжан Ильясұлы
• «QazMed» РҚБ Жамбыл облысы филиалының төрағасы Махашов Нұрлан Оразқұлұлы.
Сондай-ақ "QazMed" РҚБ ұжымы.
Алиақпар Матишев алғы сөзінде кәсіподақтың ағымдағы жылғы қызметінің қорытындыларына тоқталып, негізгі жетістіктер мен сала қызметкерлерін бүгінгі күні ерекше алаңдататын проблемалық мәселелерді атап өтті.
Арнайы назар медицина қызметкерлердің еңбек, әлеуметтік және кәсіби құқықтарын қорғауға бағытталған біртұтас жұмыс стратегиясын қалыптастыруға аударылды. Бұл стратегия жергілікті де, республикалық деңгейде де жүзеге асырылады. Отырыс қатысушылары белсенді талқылауға қатысып, өз ұсыныстарын және пікірлерін білдірді. Күн тәртібіндегі мәселелерді қарастыру нәтижесінде негізгі жұмыс бағыттары бойынша ортақ түсіністікке қол жеткізілді.
Қабылданған шешімдер олардың іске асырылу барысына қарай кезең-кезеңімен хабарланып отырылады.
Атқарушы комитеттің отырысы жылдың қорытындысын шығарып қана қоймай, «QazMed» салалық кәсіподағының қызметінде көзқарастардың бірлігі мен жалпы приоритеттердің маңызды куәсі болды.
Отырыстың соңында марапаттау рәсімі өтті. Алиақпар Матишев Түркістан облысы денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің «DENSAULYQ» жергілікті кәсіподағының төрағасы Катбаев Сакен Арыстанұлына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалін табыстады. Бұл марапат оның денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және кәсіподақ қозғалысына қосқан үлесін жоғары бағалаудың айқын көрінісі болып табылады.