"Qazmed" салалық кәсіподағының бастауыш ұйымдары арасында Медицина қызметкерлері күніне арналған "Медицина-менің тағдырым!" атты бейнероликтер конкурсы аяқталды. "QazMed" Instagram парақшасында дауыс беру қорытындысы бойынша:
1 орынға Алматы қаласы Бостандық аудандық басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы
Шалагизова Айнур Бектурсуновна иеленді. Айнур Бектурсуновнаның кәсіби қызметі туралы бейнеролик 281 лайк, 118 қолдау коментарий жинады.
I орын үшін жүлделер:
- 50 000 теңге сомасына ақшалай сертификат
-"QazMed" салалық кәсіподағының төрағасы Ә.Б.Матишевтің мадақтамасы.
2 орынға Алматы қаласы Медеу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы. 2023 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Өндірістік, радиациялық қауіпті объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Базаркулова иеленді.
Толқын Дуйсегуловнаның кәсіби қызметі туралы бейнеролик 47 лайк, 11 қолдау комментарий жинады.
II орын үшін сыйлықтар:
- 30 000 теңге сомасына ақшалай сертификат
- ️"QazMed" салалық кәсіподағының төрағасы Ә.Б. Матишевтің грамотасы.