10 қараша күні «QazMed»салалық кәсіподағының өкілдері: төрағасы Алиакпар Болатұлы Матишев, «QazMed» РҚБ кеңесшісі Елжан АмантайұлыБіртанов және «SENIM» жергілікті кәсіподағының төрағасы Серік Қабдушұлы Какенов Целиноград аудандық емханасының ұжымымен кездесті.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, әрбір қатысушы өз ойын білдіріп, толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Емхананың бас дәрігері Марал Жақсылыққызы Архабаева қонақтарды жылы қарсы алып, мұндай кездесулердің тек маңызды емес, сонымен қатар ұжым мен жұмыс беруші, кәсіподақ арасындағы сенімді нығайту үшін қажетті екенін атап өтті.
Өз сөзінде Серік Какенов кәсіподақ ұйымының қызметі туралы айтып, медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау – бір реттік акция емес, жүйелі және үздіксіз жұмыс екенін ерекше атап өтті. Ол кәсіподақтың дәрігерлердің еңбек жағдайын жақсартуда және әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуде нақты нәтижелерге жеткен мысалдарын келтірді.
Алиақпар Матишев «QazMed» кәсіподағының құрылу тарихы мен құрылымына тоқталып, ұйымның күші – ашықтық пен сенімде екенін атап өтті. Ол кәсіподақ қызметінің басты бағыты – медицина қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, ұжымдармен тұрақты диалог орнату және шынайы нәтиже беретін шешімдерді табу екенін айтты.
Сонымен қатар, ол медицина қызметкерлерінің күнделікті еңбегіне қатысты өзекті мәселелерге тоқталып, кәсіподақтар кәсіби қауымдастық пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы сенімді байланыстырушы буын болуы тиіс екенін атап өтті.
Елжан Біртанов өз сөзінде мамандарды қолдау мен ынталандырудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
«Еңбек жағдайы мен әлеуметтік қорғалуы қамтамасыз етілмеген салада тұрақты даму болуы мүмкін емес», – деді ол.
Оның айтуынша, медицина – бұл жалақы үшін емес, жүрек қалауымен таңдалатын мамандық. Дәрігерлер бұл жұмыстың ауыр әрі жауапты екенін біледі, бірақ адамдарға көмектесу – олардың өмірлік ұстанымы.
Дегенмен, Біртановтың пікірінше, медицина қызметкерлерін елемеу, жүктемені арттыру немесе моральдық қолдаудан айыру – бүкіл жүйенің әлсіреуіне әкеледі. Егер дәрігер өзін қорғалған әрі бағаланған сезінбесе, одан қоғам да ұтыла алмайды. Сондықтан кәсіподақтардың рөлі – әрбір маманның даусын естіртіп, оның сенімділік сезімін арттыру.
Кездесу барысында кәсіподақ қозғалысының бытыраңқылығы мәселесі де талқыланды. Саладағы кәсіподақтардың ортақ ұстанымының болмауы олардың ықпалын әлсіретіп, медицина қызметкерлерінің құқықтарын заңнамалық деңгейде қорғауды қиындатады деген пікір айтылды.
Барлық қатысушылардың ортақ ойы – тек бірігіп, біртұтас кәсіподақ қозғалысын қалыптастырғанда ғана жағдайды түбегейлі өзгертуге болады.
Целиноград аудандық емханасының ұжымы соңғы айларда мекеме мен бас дәрігер Марал Архабаеваға қатысты ақпараттық шу салдарынан тексерістердің жүргізілгенін мәселені көтерді. Бұл тексерістерге дайындық және құжаттарды беру үшін жұмыс уақытынан бөлуге тура келеді, сондықтан кейбір қызметкерлер өз тікелей кәсіби міндеттерінен уақытша ауытқиды. Дегенмен, қызметкерлер өз бас дәрігерін кәсіби, адал және ісіне берілген жетекші ретінде қолдайтынын жеткізді. Олар Марал Жақсылыққызын тек өз мекемесінің ғана емес, бүкіл аудандық медицинаның дамуына үлес қосатын жетекші деп біледі.
Емхана мен жұмыс беруші арасындағы ұжымдық шарт толық көлемде орындалуда.
Медицина қызметкерлері ұйғарымда: бір-біріне құрметпен қарап, қолдау көрсеткенде және ортақ мақсатқа берік сенім болса, нағыз кәсібилік, қызмет сапасы және пациенттердің сенімі нығаяды.