2025 жылы Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысы екі маңызды мерейтойды атап өтуде — елімізде кәсіподақ қозғалысының бастау алғанына 120 жыл, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрылғанына 35 жыл толып отыр. Бұл мерейтойлар — дәстүр сабақтастығының, әлеуметтік әділдікті нығайтудың және еңбеккерлердің құқықтарын қорғаудың символы.
Осы айтулы даталарға орай «Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға түрлі салалық кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, ардагерлер мен кәсіподақ белсенділері қатысты.
Қатысушыларды құттықтап, жылы лебіздерін білдіргендер:
— облыс әкімінің орынбасары
Айжан Есмағамбетова,
— облыстық мәслихат аппаратының басшысы Даурен Абдуқасымов,
— AMANAT партиясының облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов,
— Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Бағлан Қарашолақов,
сондай-ақ өңірдегі кәсіподақ қозғалысының ардагерлері мен көшбасшылары.
Сондай-ақ қатысушыларға бейнеқұттықтау жолдаған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталин кәсіподақтардың ел дамуына қосып келе жатқан зор үлесін және еңбек адамын қорғаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Салтанатты рәсім барысында кәсіподақ қозғалысының белсенділері мен ардагерлері Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Марапатталғандардың арасында өңірдегі кәсіподақ қозғалысының дамуына елеулі үлес қосқан «QazMed» салалық кәсіподағының өкілдері де бар:
— Гүлнар Молдажанова, Қордай аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі — Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Алғыс хатымен марапатталды;
— Рита Умарова, қалалық көпбейінді аурухананың консультациялық-диагностикалық орталығының персоналды басқару қызметінің аға маманы — Жамбыл облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен марапатталды;
— Ләззат Қысраубаева, Шу аудандық орталық ауруханасының учаскелік мейірбикесі — Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бұл марапаттар — медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігінің, өз ісіне адалдығының және азаматтық белсенді ұстанымының айғағы.