5 желтоқсанда Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында «QazMed» салалық кәсіподағының төрағасы Матишев Алиақпар Болатұлы Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалына барды.
Кездесу барысында ол Орталық басшылығы мен бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кәсіби қызмет және кәсіподақ жұмысына қатысты негізгі мәселелерді талқылады, сондай-ақ «QazMed» салалық кәсіподағының конструктивті диалогқа ашық екенін көрсетті.
Ағымдағы тақырыптарды қарау барысында ҰСО қызметкерлері 2023–2025 жылдарға арналған Салалық келісімнің 13.2 тармағында көрсетілген санаттарға сәйкес медицина қызметкерлердің лауазымдық жалақылары мәселесін көтерді. Ұжым жаңа Салалық келісімнін бұл тармақ сақтала ма деген сұраққа қызығушылық танытты, өйткені ағымдағы құжаттың мерзімі аяқталуға таяп қалды. Жауап ретінде Салалық келісім қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталғаны, керісінше нашарлатуға арналмағаны түсіндірілді. «QazMed» кәсіподағы жаңа р
Салалық келісімді талқылау кезінде, егер бұл тармақты алып тастау мәселесі туындаса, оны сақтау қажеттігін қатаң түрде қолдайтын болады.
Сонымен қатар басқа да кәсіподақтық мәселелер қаралды, және тиісті түсініктемелер берілді.
Кездесу соңында марапаттау рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында — кәсібіне адалдық, жауапты және ұқыпты еңбек, ұйымшылдық пен белсенді азаматтық ұстаным үшін «QazMed» РҚБ төрағасының Құрмет грамотасымен бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері марапатталды, яғни:
- Казбаева Алия Габдулкакимовна;
- Килашова Жайнагүл Шингисовна;
- Үргенiшбаева Қаламққас Сидаққызы;
- Жумаева Назым Алданышевна;
- Горюнова Татьяна Юрьевна.