Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«QazMed» салалық кәсіподағының төрағасы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары.

18 қараша күні салалық «QazMed» салалық кәсіподағының төрағасы Алиакпар Болатұлы Матишев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барып, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымдарымен кездесті. Кездесу барысында кәсіподақ жұмысына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, алдағы жоспарлар қарастырылды. Сонымен қатар, Алиакпар Матишев елдің денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік жүйесінде маңызды орын алатын азаматтарға өз марапаттарын табыстады.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласы күрделі сын-қатерлерге тап болып отырған жағдайда, күнделікті халықтың денсаулығын сақтап, кәсіподақ қозғалысын нығайтып, өз жұмысының сапасына ғана емес, сонымен бірге қоғам сеніміне жауапты кәсіби мамандарды атап өту ерекше маңызды.

Ұлттық сараптама орталығы филиалының «QazMed» бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ ұйымдастырушысы Тасбулатова Жансұлу Қошымбайқызына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің «Құрмет грамотасы» менен марапатталды. Бұл марапат Республика күніне орай жеке үлесі мен азаматтардың денсаулығын қорғау ісіндегі адал еңбегін мойындау ретінде берілді. Оның жұмысы – халықтың санитариялық әл-ауқатын қамтамасыз етуде аса маңызды және мұқият еңбек талап ететін іс.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының директоры Исенеев Каиргали Капизович Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақ қозғалысына 120 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Бұл марапат еңбек құқықтарын қорғау мәдениетін дамытуға үлес қосқан азаматтардың еңбегін мойындауды бейнелейді және әділдік пен солидарлық қағидаларына адалдықты көрсетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің директоры Жұматаев Әсет Тұрғымбекұлына «QazMed» салалық кәсіподағының «Белсенді қоғамдық жұмысы үшін» медалі табыс етілді. Бұл марапат оның азаматтық белсенді ұстанымын, жоғары жауапкершілігін және эпидемиологиялық бақылау жүйесін жетілдіруге қосқан маңызды үлесін атап көрсетеді – бұл сала тек кәсіби білімді ғана емес, сонымен қатар тез шешім қабылдай білу, алдын ала әрекет ету және командасын жетекшілік ету қабілетін талап етеді.

Мұндай кездесулер және марапаттарды табыстау рәсімдері – тек ресми іс-шаралар ғана емес, күнделікті жұмыстың көлеңкесінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етіп, кәсіподақ қозғалысын дамытатын адамдардың маңыздылығын ерекше атап көрсету мүмкіндігі болып табылады.

 

https://www.facebook.com/reel/1498332407885118