Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«QazMed» үшін жаңа кезең: Қазақстан Республикасынын Кәсіподақтар федерациясының Атқару комитетінде өкілдік

22 тамыз күні Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібі 2025–2030 жылдарға арналған

ҚР КФ Жаңа стратегиясын іске асыру мәселелеріне арналды.

Отырысқа Бас кеңестің мүшелері болып табылатын «QazMed» салалық кәсіподағының төрағасы Алиакпар Болатұлы Матишев және "DENSAULYQ" Түркістан облысының денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы"ҚБ төрағасы Сәкен Арыстанұлы Катбаев қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі ҚР КФ Атқару комитетінің құрамын жаңарту болды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша «QazMed» салалық кәсіподағының төрағасы Алиакпар Болатұлы Матишев Федерацияның Атқару комитетіне сайланып, онда ол денсаулық сақтау саласы қызметкерлері, ҚР КФ кіретін салалық кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін білдіретін болады.

Алиакпар Болатұлын сайлануымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл бүкіл медициналық қауымдастық үшін зор жетістік деп санаймыз, өйткені бұл шешім жаңа мүмкіндіктер ашады:

✔️ республикадағы кәсіподақ қозғалысында медицина қызметкерлерінің позициясын күшейтуге,

✔️ денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің құқықтарын қорғау бастамаларын ілгерілетуге,

✔️ «QazMed» кәсіподағының өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы рөлін нығайтуға.