Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«QazMed» және Қазақстан геронтологтар мен гериатрлар қауымдастығы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Халықаралық қатысумен өткен «Қазақстандағы геронтология мен гериатрияның жағдайы және даму келешегі» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияның маңызды оқиғаларының бірі – «Қазақстан геронтологтар мен гериатрлар қауымдастығы» РҚБ (төраға – Динара Аманболқызы Уразалина) мен «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ (төраға – Алиакпар Болатұлы Матишев) арасында Ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы Меморандумға қол қойылуы болды.

Бұл құжат ерекше маңызға ие, себебі ол Қазақстанның кәсіби қауымдастықтарының күш-жігерін біріктіруге, денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға және азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған ортақ ұмтылысты айқын көрсетеді.

Меморандумға қол қою тек ресми рәсім ғана емес, сенімге, өзара түсіністікке және ортақ кәсіби миссияға негізделген нақты серіктестікке қадам болды.

Келісімнің мақсаты – медициналық сала мамандарының кәсібилігін қолдау және дамыту, олардың қызметін жетілдіру, заманауи тәжірибелерді енгізу және ұйымдар арасындағы әріптестік байланыстарды нығайту.

Тараптар ынтымақтастықты теңдік, үйлесімді даму және өзара тиімділік қағидаттары негізінде дамытуға уағдаласты. Бұл өз кезегінде тәжірибе мен білімді, сондай-ақ бастамаларды біріктіріп, еліміздегі геронтология мен гериатрияның тиімді дамуына және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін арттыруға жол ашады.