Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«QazMed» Жамбыл филиалы алғашқы есептік-сайлау конференциясын өткізді

2026 жылдың 2 сәуір күні,Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының Мәжіліс залында «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының I-ші сайлау Конференциясы өтті.

Конференцияға ҚР Кәсіподақтар Федерациясы Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Бағлан Жиенәліұлы Қарашолақов, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек, “QazMed” республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алиакпар Матишев, QazMed” республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі Елжан Биртанов, Түркістан облысынан келген денсаулық сақтау кәсіподақ бірлестігінің төрағасы СәкенКатбаев, Жетісу облысы бойынша «QazMed» кәсіподағы филиалының төрайымы Әсем Құдайбергенжәне республикалық деңгейдегі сарапшылар қатысып, сала мамандарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайту мәселелерін талқылады. қатысты.Бүгінде өңірдегі 29 мекеме мен 14 мыңнан астам маманның басын қосқан ұйымның жұмысына оң баға беріліп, филиал төрағасы лауазымына Нұрлан Оразқұлұлы Махашов бірауыздан сайланды. Бұл жиын ақ халатты абзал жандардың еңбек құқығы мен кәсіби беделін қорғау жолындағы жаңа белес болмақ.

https://www.facebook.com/reel/2013731792910618