Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«QazMed» Женевада Халықаралық еңбек ұйымы және ACTRAV өкілдерімен кездесу өткізді

Женеваға жұмыс сапары барысында «QazMed» салалық кәсіподағының өкілдері Халықаралық еңбек ұйымы (МОТ, Швейцария конфедерациясы) кеңсесінде болды. Сапар аясында МОТ-тың Еуропа және Орталық Азия елдері бөлімінің жетекшісі Сергиус Гловацкас және МОТ жанындағы Еңбекшілер қызметі бюросының (ACTRAV) директоры Оливер Рёпкемен кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар ACTRAV пен Орталық Азия елдерінің денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақтары кеңесінің 2026–2027 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылады. Бұл жоспар еңбеккерлердің құқықтарын қорғау мен қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған МОТ-тың №190 және №192 конвенцияларын ілгерілетуге арналмақ.

Өз сөзінде ACTRAV директоры Оливер Рёпке Бюроның қызметі мен еңбеккерлердің құқықтарын қорғау саласындағы негізгі басымдықтарына кеңінен тоқталды.

Өз кезегінде «QazMed» салалық кәсіподағы Қазақстандағы денсаулық сақтау қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға дайын екенін растады.