Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«SENIM» жергілікті кәсіподағы: құқық қорғау, қолдау және дамуға бағытталған белсенді қызмет

18 ақпанда Ақмола облысы денсаулық сақтау қызметкерлерінің «SENIM» жергілікті кәсіподағының төрағасы Серік Қабдушұлы  Какенов Егіндікөл аудандық ауруханасының ұжымымен кездесті. Кездесудің мақсаты – медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау.

«Кәсіподақ – жай ғана ұйым емес, әрбір медицина қызметкерінің артында тұрған қуатты күш. Біздің мақсатымыз – еңбек жағдайларын жақсарту, құқықтарды қорғау және қолдау көрсету. Әрбір медициналық қызметкердің дауысы естілуі үшін бар күшімізді саламыз!» – деп атап өтті Серік Какенов.

Кездесу барысында ол «SENIM» жергілікті кәсіподағының атқарған жұмыстары туралы баяндады:

🔹 Кәсіподақ қорғауында – 47 бастауыш ұйым және өңірдегі медицина қызметкерлерінің 75%-дан астамы.
🔹 36 кәсіподақ мүшесіне және 12 азаматқа заңгерлік көмек көрсетілді.
🔹 Қаржылай қолдау төленді: кәсіподақ мүшелеріне – 3,2 млн теңге, су тасқынынан зардап шеккендерге – 1,5 млн теңге.
🔹 Медицина қызметкерлеріне үстемақылар қайтарылды, соттардағы шығын сомалары қысқартылды, дәрігерлерге шабуыл жасау оқиғалары бойынша тергеулер басталды.
🔹 25 әлеуметтік іс-шара ұйымдастырылып, 7300 адам қамтылды, 20 млн теңге бөлінді.
🔹 Эндоскопист-дәрігер Александр Колосов Дүниежүзілік медицина ойындарында қола жүлдеге ие болды.
🔹 Жас мамандарға арналған 16 оқу шарасы өткізілді.

«Біз бірге үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз!» – деді бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлдана Жарқынбекова.
Сол күні Серік   Қабдушұлы   Атбасар көпсалалы ауруханасына барып, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасын сайлау жиналысына қатысты. Жиыннан кейін ол аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Бас дәрігер С.Б. Амановтың айтуынша, негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін жағдайды жақсарту жұмыстары жүргізілуде.

📌 «Бұл – өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің дамуы үшін маңызды қадам!»
Келесі күні «SENIM» жергілікті кәсіподағының төрағасы Целиноград аудандық емханасына барып, есеп беру және сайлау жиналысына қатысты. Шара соңында белсенділерге алғыс хаттар табысталып, Серік Какенов атап өтті:

💬 «Күшті кәсіподақ – бұл өз құқықтарын қорғайтын және өзгерістерге қол жеткізуге дайын пікірлес жандардың ұжымы. Жаңа төрағаға табыс, ал ұжымға – ұйымшылдық пен кәсіподақ өміріне белсенді қатысуды тілеймін!»

🔹 Кәсіподақ – әрбір медицина қызметкерінің қорғанысы, қолдауы және дамуының кепілі!