Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«SENIM» жергілікті кәсіподағы мүшелерінің еңбегі лайықты марапатталды

2025 жылғы 8 қазанда Көкшетау қаласында Қазақстан кәсіподақтары күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған іс-шараға мен Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері «SENIM» жергілікті кәсіподағының төрағасы Какенов Серік Қабдушұлы қатысты.

Бұл күн еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауда кәсіподақтардың маңызды рөлін мойындау, ынтымақ пен бірліктің символы болып табылады.

Биыл Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысы үшін ерекше жыл — алғашқы кәсіподақтардың құрылғанына 120 жыл және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрылғанына 35 жыл толып отыр. Бұл маңызды даталар — кәсіподақтар қозғалысының бай тарихының, сабақтастығы мен қоғам мен мемлекеттің дамуына қосқан зор үлесінің айғағы.

Ерекше мақтанышпен атап өтетін жайт — «SENIM» жергілікті кәсіподағының мүшелері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының, Ақмола облысы әкімінің және Профорталықтың жоғары марапаттарына ие болды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтардағы белсенді еңбегі үшін» медалімен –
Соколова Наталья Евгеньевна, бастапқы кәсіподақ ұйымының төрайымы, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Көпсалалы облыстық аурухана» ШЖҚ-дағы ГКП-нің дерматовенерологиялық қызметінің меңгерушісі марапатталды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен –
Шакирова Салтанат Ануарбекқызы, Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері «SENIM» жергілікті кәсіподағының бас бухгалтері марапатталды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының Алғыс хатымен –
Макаревич Марина Степановна, бастапқы кәсіподақ ұйымының мүшесі, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Көкше облыстық оңалту орталығы» ШЖҚ-дағы ГКП-нің лифтері марапатталды.

Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен –
Кемпирова Камшат Амантаевна, бастапқы кәсіподақ ұйымының мүшесі, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Жарқайың аудандық ауруханасы» ШЖҚ-дағы ГКП-нің ПМСП жөніндегі бас дәрігердің орынбасары марапатталды.

Ақмола облысы кәсіподақтар аумақтық бірлестігі төрағасының Алғыс хатымен –
Смаилов Данияр Серікович, бастапқы кәсіподақ ұйымының мүшесі, «ОЦПЗ – наркология» ШЖҚ МКК учаскелік психиатр-нарколог дәрігері;
Туртулов Самат Берікұлы, бастапқы кәсіподақ ұйымының мүшесі, «Қосшы қалалық №1 емханасы» ШЖҚ МКК санитарлық көлік жүргізушісі;
Нұрпейісова Айгүл Тельманқызы, бастапқы кәсіподақ ұйымының мүшесі, «Мирандус» медициналық орталығы» ЖШС санитары;
Саханова Майра Константиновна, бастапқы кәсіподақ ұйымының мүшесі, «Көкшетау теміржол ауруханасы» ЖШС  шаруашылық меңгеруші мейірбикесі марапатталды.

Бұл марапаттар – медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғаудағы адалдығы мен кәсіби шеберлігін, еңбексүйгіштігі мен жанқиярлығын лайықты мойындау болып табылады.

Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері «SENIM» жергілікті кәсіподағы атынан барша марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, әр кәсіподақ мүшесіне белсенді өмірлік ұстанымы, кәсібіне адалдығы және ынтымақтың күшіне деген сенімі үшін алғыс білдіремін.