2023 жылғы 27 ақпанында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың басшылығымен облыстың денсаулық сақтау жүйесінің 2023 жылғы қызметінің қорытындылары, 2024 жылға арналған даму жоспарлары мен перспективалары бойынша кеңес өтті.
Кеңес барысында Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахильбеков, Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов, «ӘМСҚ» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының басшысы Азамат Өміртаев, «QazMed» салалық кәсіподағының құрамыны кіретін «Ақмола облысы денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің «SENIM» жергілікті кәсіподағы"ҚБ төрағасы Серік Кәкенов сөз сөйледі.
Кеңес барысында медициналық ұйымдардың қызметі, жас мамандарды тарту жөніндегі жұмыс, материалдық-техникалық жарақтандыру, ӘМСҚ-мен өзара іс-қимыл, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы, дәрі-дәрмектермен уақтылы қамтамасыз ету, медициналық ұйымдардың санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкестігі және басқа да мәселелер қаралды.
"2023 жыл бойы облыс өңірлеріне барып, бастауыш ұйымдарымен кездесіп, денсаулық сақтаудағы аса ауыр жағдайды убықтырмай шешуге болатын проблемалық мәселелер анықталды: аудандық ауруханалар мен емханалардың біркелкі жабдықталмауы, қажетті жабдықтардың болмауы; компьютерлік техниканың болмауы және сәйкес келмеуі (моральдық және физикалық тозу); ведомстволық тұрғын үй мәселелері; денсаулық сақтау саласының үміткерлердің санын ұлғайту үшін оларға біржолғы жәрдемақы (көтерме) төлеу ; ТМККК шеңберінде қаржыландыруды төмендету. Біз көтеріп отырған негізгі мәселе "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекс шеңберінде коммуналдық шығыстардың өтемақылары және басқа да жеңілдіктер бойынша әлеуметтік қолдау көрсету болып табылады", - деп бөлісті Серік Кәкенов.
Медициналық ұйымның қызметіндегі ашықтығы оны дамытудың басты мақсаты болып табылады. Жергілікті кәсіподақ әлеуметтік серіктес ретінде көмек көрсетуге және Ақмола облысының Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға көмектесуге дайын.