Шортанды аудандық ауруханасында бастауыш кәсіподақ ұйымының бастамасымен және «SENIM» жергілікті кәсіподағының қолдауымен Түркияда өндірілген Hayat Su заманауи сүзгілері орнатылды. Бұл сүзгілер минералды және сілтілі су беретін қосарланған жүйемен жабдықталған.
Енді таза әрі пайдалы су төмендегі бөлімшелерде қолжетімді:
- Поликлиника (1 және 2-қабаттар)
- Хирургия бөлімі
- Терапия бөлімі
- Қабылдау бөлімі
- Жолымбет дәрігерлік амбулаториясы
- Бектау дәрігерлік амбулаториясы
- Дамса дәрігерлік амбулаториясы
- Степное дәрігерлік амбулаториясы
- Новокубанская дәрігерлік амбулаториясы
Медициналық ұйым қызметкерлерінің күнделікті жайлылығына көңіл бөлу — өте дұрыс әрі маңызды қадам. Мұндай игі бастамалар әрдайым ұжымның жұмысына оң әсерін тигізеді.