26 сәуірде «Ақмола облысы денсаулық сақтау қызметкерлерінің «SENIM» жергілікті кәсіподағы» ҚБ атқару комитетінің отырысы өтіп, онда су тасқынынан үйлері зардап шеккен кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсету туралы кәсіподақтың бастауыш ұйымдарының өтініштері қаралды.
2024 жылғы су тасқыны табиғаттағы ең ірі және ең жойқын болды. Ақмола облысында су тасқыны облыстың әр ауданын, соның ішінде облыс орталығы Көкшетауды да шарпыды. Сәуір айы ішінде кәсіподақ ұйымдарына су тасқынынан үйлері зардап шеккен бастауыш ұйым мүшелеріне материалдық көмек көрсету үшін материалдар келіп түсті. Мәселен, «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы», Көкшетау қаласының «Қалалық емханасы», «Атбасар көпбейінді ауданаралық ауруханасы» және «Есіл аудандық ауруханасы» кәсіподақ ұйымының бастауыш ұйымдарының төрағаларынан өтініштер түсті.
Атқару комитетінің мүшелері материалдық көмек көрсету мәселелері бойынша медициналық ұйымдар кәсіподағының бастауыш ұйымдарының төрағаларын тындап, қорытындысы бойынша зардап шеккен 16 кәсіподақ ұйымының бастауыш ұйымдарына материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады, сонымен қатар кәсіподақтың бастауыш ұйымдарына да кәсіподақ комитетінің отырыстарында материалдық көмек көрсету мәселесін қарастырып және мүмкіндігінше оны көрсету ұсынылды.