Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Түркістанда «QazMed» салалық кәсіподағының бірінші Республикалық Спартакиада жоғары деңгейде өтті

2026 жылғы 8–10 қазан аралығында Түркістан қаласының спорт нысандарында «QazMed» салалық кәсіподағының ұйымдастыруымен денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасындағы алғашқы Республикалық спартакиада өтті. Ауқымды спорттық іс-шара Кәсіподақтар күніне орайластырылды.

«Түркістан Арена» стадионында өткен Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімінде мемлекет және қоғам қайраткері, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, «QazMed» республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі Елжан Біртанов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және даңқты боксшымыз, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов сөз сөйлеп, спорттық іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Спартакиаданың ашылу салтанаты командалар өкілдерінің «QazMed» Спартакиадасының туын алып шығуымен түйінделді.

Еліміздің 11 өңірінен келген 200-ден астам кәсіподақ мүшесі Түркістан қаласының жетекші спорт нысандарында волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат және жеңіл атлетика бойынша бақ сынады.Ауқымды іс-шараны ұйымдастыру және өткізу жоғары деңгейде қамтамасыз етілді. Командаларды әуежай мен теміржол вокзалынан қарсы алуға, Спартакиада күндері көлікпен тасымалдауды ұйымдастыруға және қатысушыларды тамақпен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді. Спартакиадаға қатысушылар ұйымдастыру деңгейіне оң бағасын беріп, жұмыстың үйлесімділігін және олардың қажеттіліктеріне көрсетілген қамқорлықты атап өтті.

«Медицина қызметкерлерінің еңбегі аса жоғары зейінді, эмоционалдық және физикалық күш-жігерді талап етеді. Алғашқы Спартакиадамызды өткізу – сала қызметкерлеріне қолдау көрсетудің, оларға жарқын эмоциялар сыйлаудың, командалық рухты нығайтудың тамаша мүмкіндігі. Сонымен қатар бұл – «QazMed» кәсіподағы өз мүшелерінің құқықтық қорғалуына ғана емес, олардың денсаулығы мен физикалық әл-ауқатына да қамқорлық жасайтынын көрсететін маңызды бастама», – деп атап өтті «QazMed» салалық кәсіподағының төрағасы Әлиақпар Матишев.

«QazMed» салалық кәсіподағы Түркістан облысының әкімдігіне, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына, оған қарасты мекемелердің басшылары мен қызметкерлеріне, сондай-ақ іс-шараны ұйымдастыруға белсенді атсалысып, осындай ауқымды спорттық жарыстың жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен барлық әріптестерге шынайы алғысын білдіреді.

Спартакиаданың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы – көптеген азаматтың бірлескен еңбегі мен жауапкершілігінің нәтижесі. Көрсетілген қолдау, кәсіби өзара іс-қимыл және ортақ іске деген жанашырлық жарыстардың сәтті өтуіне елеулі үлес қосты.

Сонымен қатар салалық кәсіподақ барлық спортшыларға, қатысушыларға және төрешілерге алғыс білдіреді! «QazMed» республикалық қоғамдық бірлестігі алдағы уақытта да кәсіподақ мүшелері арасында осындай спартакиадаларды өткізуді жалғастырады.

Бірлік бар жерде – береке бар! Спорттық қозғалыс пен кәсіподақтық ынтымақтастық нығая берсін!

https://www.facebook.com/reel/4415868632075822

https://www.facebook.com/reel/1034805519578997

https://www.facebook.com/reel/1431606195589037

https://www.facebook.com/reel/1679716857012398

https://www.facebook.com/reel/957068126950913

https://www.facebook.com/reel/1954027548887428

https://www.facebook.com/reel/1428535105923067

https://www.facebook.com/reel/1475953764645674