25 қазан - Республика күні Тараз қалалық көпбейінді аурухана және консультативтік-диагностикалық орталығында жоғары деңгейде аталып өтті.
Республика күні - бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам.
Бұл мерекеге «Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің» құнды жәдігерлерінен экспозиция жасақталып, Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының «Алатау» ансамбілі және әншілері рухани әндер орындады.
«QazMed" медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Махашов аурухананың бас дәрігері Хамит Саттарқұлұлын «Үздік әлеуметтік серіктес» төсбелгісімен, сонымен қатар, бірқатар медицина саласына еңбегі сіңген медицина қызметкерлерін «Құрмет грамоталарымен» марапаттады.