Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Ынтымақ жүгіруі «Болашаққа бірге жүгіреміз»

27 қыркүйек күні Көкшетау қаласының жағалауында Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына арналған ерекше спорттық шара өтті.

Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің «SENIM» жергілікті кәсіподағы бұл шараға белсенді қатысты.

«Біз үшін бұл жай ғана спорттық жарыс емес, ол – бірліктің, ынтымақтың және салауатты өмір салтына деген ұмтылыстың көрінісі. Біздің өкілдеріміздің ортақ іске үлес қосқанына мақтанамыз», – деп атап өтті жергілікті кәсіподақ төрағасы Серік Қабдушұлы Какенов.

Біздің ұйым атынан қатысқандар: Сахиев Серік Қанатұлы, Темірбеков Ерболат Епкінұлы, Нарбаева Динара Алпысқызы, Құрманғалиев Нұрбол Асендiқұлы.

Ынтымақ жүгіруі тағы да дәлелдеді: бәріміз – жеңімпазбыз! Өйткені спорт та, кәсіподақ та адамдарды денсаулық, достық пен жарқын болашақ үшін біріктіреді.