1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «QazMed» РҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалының Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығы бастауыш кәсіподақ ұйымында мерекелік іс-шара өтті.
Орталық қызметкерлері мен олардың отбасыларын директордың стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Тин Александр Леонидович құттықтады. Өз сөзінде ол балалардың қоғамның ең басты байлығы әрі еліміздің болашағы екенін атап өтіп, ата-аналарға қамқорлығы, мейірімі және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.
Іс-шара барысында орталықтың көпбалалы қызметкерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Олардың еңбегі мен отбасы құндылықтарына деген адалдығының белгісі ретінде арнайы сертификаттар табысталды.
Әрбір бала сүйіспеншілікке, қамқорлық пен қолдауға толы ортада өссін! Әр шаңырақтан баланың шат күлкісі естіліп, барлық отбасыларға зор денсаулық, амандық, татулық пен қуаныш тілейміз!