Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында «QazMed» өкілдерімен кездесу өтті

16 маусым күні Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында медицина саласының өкілдері мен салалық кәсіподақ арасындағы маңызды кездесу өтті. Бұл кездесу тараптар арасындағы өзара түсіністік пен серіктестікті нығайтатын ашық диалог алаңына айналды.

Орталыққа арнайы жұмыс сапарымен мемлекет қайраткері, «QazMed» кәсіподағының кеңесшісі Елжан Амантайұлы Біртанов пен аталған ұйымның Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Оразқұлұлы Махашов келді. Кездесуді мекеменің бас дәрігері Серік Дүйсенәліұлы Жетібаев жүргізді.

Спикерлер ұжымды Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтап, «QazMed» салалық кәсіподағының қызмет бағыттары мен негізгі бастамалары туралы кеңінен айтып берді. Кездесу барысында медициналық қызметкерлер кәсіподақ тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік және құқықтық қолдаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, кәсіподақ ресурстарын әділ әрі тиімді бөлуге бағытталған жаңа бастамалар мен қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесу соңында бас дәрігер Серік Жетібаев мазмұнды әрі шынайы әңгіме үшін келген қонақтарға алғысын білдіріп, отандық денсаулық сақтау ісіне қосқан өлшеусіз үлесі үшін Елжан Амантайұлына ұжым атынан естелік сыйлық табыс етті.

Бұл – жай ғана ресми сыйлық емес, медицина қауымдастығының Елжан Амантаевичке деген шынайы құрметі мен алғысының айқын белгісі. Себебі, ол қай өңірге барса да, кәсіби орта мен жергілікті тұрғындар оны әрдайым ықыласпен қарсы алады.