Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Жамбыл облысында «Облыстың үздік мейіргері - 2026» кәсіби байқауы өтті

«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы байқау жеңімпаздарына арнайы ақшалай сертификаттар табыстады.

«Үздік стационар мейіргері» номинациясы бойынша І орынды Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының 5-бөлім мейіргері Қонысбаева Нұргүл Аблаевна иеленіп, 100 000 теңгенің сертификатымен марапатталды. ІІ орын Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығының өкілі Тамабек Ербол Алмасханұлына берілді. Оған 50 000 теңгенің сертификаты табысталды.

«Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек мейіргері» номинациясында І орын №7 қалалық емхананың хирургия бөлімінің мейіргері Байбосынова Ақмарал Асылбекқызына бұйырды. Жеңімпаз 100 000 теңгенің сертификатын алды. ІІ орын иегері Елшібек Үміт Елшібекқызы 50 000 теңгенің сертификатымен марапатталды.

«Үздік ауыл мейіргері» номинациясы бойынша І орынды Қордай аудандық орталық ауруханасының мейіргері Джилкибаева Аяжан Ерланқызы жеңіп алып, 100 000 теңгенің сертификатына ие болды. ІІ орын Байзақ аудандық орталық ауруханасының мейіргері Ерлан Анар Ерланқызына беріліп, оған 50 000 теңгенің сертификаты табысталды. ІІІ орынды Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының емхана бөлімінің мейіргері Әлібек Асылзат Қанатбекқызы мен Сұлтанқазы Зарина Артықбаевна иеленіп, 30 000 теңгенің сертификаттарымен марапатталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кәсіби байқаулар мейіргерлердің еңбегін бағалауға, олардың кәсіби әлеуетін көрсетуге және денсаулық сақтау саласындағы орта буын медицина қызметкерлерінің рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.

«QazMed» кәсіподағы алдағы уақытта да медицина қызметкерлерінің кәсіби дамуын қолдауға, олардың еңбегін дәріптеуге және сала мамандарының әлеуметтік мәртебесін арттыруға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетуді жалғастырады.