Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Жамбыл облысындағы оқиға: «QazMed» кәсіподағы медициналық ұжымның құқығын қорғауда

«QazMed» салалық кәсіподағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Нурлан Махашов заң қызметімен бірге 2025 жылғы 13 қазанда Тұрар Рысқұлов аудандық орталық ауруханасына барып, 2019 жылғы 26 шілдеде туған, 6 жасар бала Жолшыбек Али Еламанұлының өліміне байланысты мәселені қарады.

Кәсіподақ өкілдері аурухана басшылығымен, науқас қайтыс болған түні кезекшілік атқарған медицина қызметкерлерімен және емдеуші дәрігермен кездесіп, әңгімелесті.

7 қазан күні бала жоспарлы түрде аудандық орталық аурухананың балалар бөліміне жатқызылған. Ол әжесімен бірге жеке палатада болған, әжесіне жеке төсек-орын берілген.

10 қазан күні таңғы сағат 06:23 шамасында бала қайтыс болды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тиісті тексерулер жүргізілді. Қазіргі уақытта материалдар мұқият зерделеніп жатыр. Ауруханада облыстық денсаулық сақтау басқармасының арнайы құрған комиссиясы өз жұмысын жалғастыруда.

Кәсіподақ өкілдері аурухананы, соның ішінде науқас жатқан №1 палатаны аралап көрді.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, барлық қажетті зерттеу және тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама мен МФБК қорытындысы күтілуде.

«QazMed» кәсіподағы аурухана ұжымына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін жеткізді.