Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Жетісу облысында «Qazmed» РҚБ «KELESHEK» жергілікті кәсіподағымен бірлесіп ұйымдастырған семинар өтті

2024 жылғы 27 маусым күні Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының конференц-залында «Qazmed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ және «KELESHEK» жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ ұйымдастыруымен медицина қызметкерлеріне арналған «Медициналық қызметкерлердің құқықтық қорғалуы және құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында семинар өтті. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Медициналық құқық мәселелерін зерттеу институтының жетекшісі – Жұмағазин Талғат Бауыржанұлы медицина қызметкерлерінің заңды құқықтары мен жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат берді. Семинарға Жетісу облысының қала-аудандарының медицина мекемелерінің басшылары, заңгерлері, т.с.с. 60-қа жуық адам қатысты. Семинар соңында «Qazmed» РҚБ ұйымдастырған кофе-брейк барысында, қатысушылар пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті, сонымен қатар болашақта осы сынды медицина қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыратын оқыту семинарлардың жиі өтуіне тілектес екенін жеткізді.