2025 жылғы 13 тамызда Жамбыл облысында «Жуалы ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК медицина қызметкерлерінің ашық кәсіподақ жиналысы өтті.
Жиналыстағы басты мәселе – ұжымдағы кәсіподақ қозғалысының болашақтағы даму бағыттарын айқындау болды. Талқылау қорытындысында көпшілік дауыспен маңызды шешім қабылданды: Жуалы ауданының орталық ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымы Жамбыл облысы бойынша «QazMed» РҚБ филиалының құрамына енді.
Бұл шешім медицина қызметкерлерінің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғауға жаңа мүмкіндік беріп, ұжымдық келіссөздердің аясын кеңейтеді әрі кәсіподақтың өңірлік және республикалық деңгейдегі беделін арттырады.
«QazMed» салалық кәсіподағына қосылу – бірлікке, сенімге және кәсіби ынтымаққа жасалған маңызды қадам!