«QazMed» салалық кәсіподағына қалай мүше болуға болады?
«QazMed» салалық кәсіподағына мүше болу оңай! Кәсіподаққа кіру үшін төмендегі үш қадамды орындау қажет.
1-қадам. Кәсіподаққа мүшелікке қабылдау туралы өтініш
«QazMed» РҚБ төрағасының атына Кәсіподақ мүшелігіне қабылдау туралы өтінішті толтырыңыз.
Жүктеп алу: Кәсіподаққа мүшелікке қабылдау туралы өтініш нысаны (PDF).
2-қадам. Кәсіподақ мүшелік жарналарын ұстап қалу туралы өтініш
Медициналық ұйымның (мекеменің) басшысының атына есептелген жалақыдан кәсіподақ мүшелік жарналарын ұстап қалу туралы өтінішті толтырыңыз.
Жүктеп алу: Кәсіподақ мүшелік жарналарын ұстап қалу туралы өтініш нысаны (PDF).
3-қадам. Құжаттарды жіберу
Толтырылған және қол қойылған екі өтінішті де сканерлеп, «QazMed» салалық кәсіподағының ресми электрондық поштасына жіберіңіз:
Электрондық пошта:
«QazMed» кәсіподағына қош келдіңіз!