Төраға
КОНДЫБАЕВ ШАДИЯР АЛЖАНҰЛЫ
Кондыбаев Шадияр Алжанұлы – «Түркістан облысының спортшылары мен спорт саласындағы қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
БІЛІМІ
- 1984 – 1986 жж. – КСРО ІІМ Қызылорда арнайы орта милиция мектебі, мамандығы – заңгер.
- 1999 – 2002 жж. – Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті, мамандығы – заңтану.
- 2001 – 2004 жж. – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, мамандығы – дене шынықтыру және спорт.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
Спорттық мансабы 1980-жылдардың соңында Ресейде басталды. Ол жаттықтырушы, кейіннен Норильск аймақаралық жекпе-жек өнері федерациясының президенті болды. 1991 жылы таеквондо (WTF) бойынша Ресей чемпионы атанды.
1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, Оңтүстік Қазақстан облысының Таеквондо (WTF) федерациясын құрды және оның президенті болды. Оның басшылығымен облыстың барлық аймақтарында таеквондо секциялары ашылып, жаттықтырушылар даярланып, спортшылар қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді.
НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ:
- Қызылорда өлкесінің таеквондо (WTF) федерациясының президенті.
- Оңтүстік Қазақстан облысының таеквондо (WTF) федерациясының президенті (1992–1999).
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігінің таеквондо (WTF) бойынша мемлекеттік жаттықтырушысы (2004–2006).
- Қазақстан Республикасы Таеквондо (WTF) федерациясының бірінші вице-президенті.
- Оңтүстік Қазақстан облыстық Олимпиадалық даярлау орталығының директоры (2006–2009).
- Оңтүстік Қазақстан облысының жекпе-жек түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры (2010–2019).
- Түркістан облыстық №3 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры (2019–2023).
- Б. Саттарханов атындағы Түркістан облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры (2023–2024).
ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ
- 1994 жылы Қазақстан Республикасы Таеквондо (WTF) федерациясының вице-президенті болып сайланды.
- Қазақстан ұлттық таеквондо құрамасын құрып, оны алғаш рет әлемдік чемпионаттарға шығарды.
- 20-дан астам Қазақстан Республикасының спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін дайындады.
- Таеквондо дамуына жеке инвестиция құйып, 5 жиынтық татамиді (доянг) әртүрлі аймақтарға тегін таратты.
- 1999–2003 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болды.
МАРАПАТТАРЫ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ
Таеквондо (WTF) бойынша Ресей чемпионы (1991).
Таеквондо (WTF) спорт шебері (1998).
VI дан қара белбеу иегері (1996).
Қазақстан Республикасының таеквондо (WTF) бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1998).
Спорт саласындағы жетістіктері үшін марапаттары:
- Қазақстан Республикасының спортын дамытудағы еңбегі үшін медалі (2001).
- Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері (2006).
- Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы медалі (2001).
- Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалі (2011).
- «Қазақстан полициясы» медалі (2019).
- «Спорт» медалі – дене шынықтыруды дамытуға қосқан үлесі үшін (2020).
|