Төрағасы КАТБАЕВ САКЕН АРЫСТАНҰЛЫ
Катбаев Сакен Арыстанұлы, білімі Жоғары 1988-1994жж. Алматы мемлекеттік медицина институты «Емдеу ісі» мамандығы. М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты 2004-2006 жж. «Қаржы және несие» мамандығы . Еңбек жолы: Катбаев Сакен Арыстанович 1986-1988 жж. Кеңес армиясы қатарында Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында қызмет атқарған. 1994 жылы Алматы мемлекеттік медицина институты «Емдеу ісі» дәрігер мамандығы бойынша бітірген. 1994-2003 жылдар аралығында Шымкент қаласы шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасында дәрігер-хирург, 2009-2014 Облыстық гипербариялық оксигенция орталығында бас дәрігердің орынбасары болып қызмет атқарды. 2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық туберкулезге қарсы диспансерінде бас дәрігер болып жұмыс істеген. 2014-2017 жж. Т.О.Орынбаев атындағы облыстық гипербариялық оксигенация орталығында бас дәрігер. 2017-2020 жж. Шымкент қаласы қалалық онкологиялық орталығының бас дәрігері болды. 2020 жылы Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК-ның бас дәрігері қызметін атқарды. 2020 жылдың қыркүйек айынан бері «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. |
«DENSAULYQ» Денсаулық сақтау ұйымы қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі 2019 жылдың 5 ақпанында құрылды.
2019 жылдың 11 наурызынан бастап «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі қосылды.
2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Түркістан облысының 49 бастауыш денсаулық сақтау ұйымын біріктіреді. Кәсіподақта 35000-нан астам мүше бар. 2023 жылдың 30 қаңтарында тіркелген салалық келісім осы саладағы еңбек қатынастары (соның ішінде жалақы) саласындағы құқықтар мен кепілдіктерді айтарлықтай реттейді.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 147-155-бабын басшылыққа ала отырып, «DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігі мен Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы арасында 2023-2025 жылдарға арналған өңірлік келісім жасалып, келісімге қол қойылды.
2020-2023 жылдардағы кәсіподақ келесі жұмыстарды орындады:
Жыл сайын кәсіподақ мүшелеріне беретін жолдамалар саны артып келеді. Кәсіподақ мүшелерінің пікірлеріне сүйене отырып, мониторинг пен сауалнамалар жүргізе отырып, кәсіподақ тек жоғары рейтингі бар санаторийлерімен жұмыс істейді. Қазіргі уақытта кәсіподақтың 720 мүшесі елдің 9 санаторийінде демалды.
22 наурыздағы көктемгі мерекеге отбасылардын әлеуметтік мәртебесін басшылыққа ала отырып кәсіподақтың 712 мүшесіне азық түлік түрінде материалдық көмек бөлінді;
«Бірінші сыныпқа бірінші рет» қайырымдылық акциясы жыл сайын өткізіледі және кәсіподақ мүшелерінің балаларына, 669 оқушыға мектепке қажетті жабдықтары бар сөмкелер берілді;
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне және 25 қазан Республика күніне орай аз қамтылған, көп балалы отбасыларға кәсіподақтың 928 мүшесіне азық-түлік түрінде көмек көрсетілді;
Медицина қызметкерлері күніне орай «Үздік маман» номинациясымен 45 медициналық мекемеде іс-шара өткізілді, қызметкерлерге бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Түркістан облысының 14 медициналық мекемесінде жұмыс істейтін 19 кәсіподақ мүшесі Ауғанстан жеріндегі халықаралық борышын өтегені үшін алғыс жариялап, бағалы сыйлық табыс етілді.
«Медицина қызметкерлері күні», «Мейіргерлер күні» мерекесінде өз ісінің тәжірибелі мамандарына алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары және олардың шексіз еңбектері үшін алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ мерекелік іс-шара өткізіліп, түскі ас брілді, ардагерлерге сыйлықтар табысталды. Іс-шара көптеген жылдар бойы медицина саласында жұмыс істеген және өзінің барлық білімі мен тәжірибесін халықтың денсаулығын сақтауға арнаған оңтүстік аймақтың денсаулық сақтау ардагерлеріне арналды. Облыстың медициналық ұйымдары арасында спорттық іс-шаралар өткізіліп және спорттың 4 түрі бойынша (волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, арқан тарту) Спартакиада өткізілді.
2022 жылы Балалар жылының құрметіне кәсіподақ ұйымдарының қатарына кіретін балалар санаторийлері мен оңалту орталықтарына қайырымдылық көмек көрсетілді.
2023 жылы медицина қызметкерлері күніне орай бір салада 35 жыл жұмыс істеген және сол жылы зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
Медицина қызметкерлері күніне орай облыста үздік мамандар анықталып, «Үздік» байқауы ұйымдастырылып, 17 ноутбук пен теледидар табысталды.
2023 жылғы 16 желтоқсанда Түркістан облысы мен Шымкент қаласының медицина саласының қаза тапқан қызметкерлеріне арналған еске алу турнирі өткізіліп, құран оқылды.
Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне 16 желтоқсанда медицина саласындағы белсенді мамандар анықталып, 104 дәрігер мен 89 медбикеге құрмет грамоталары мен ақшалай сертификаттар табыс етілді.
Төтенше қиындықтардан зардап шеккен отбасыларға қаржылай көмек көрсетілді. Үйдің өртенуіне байланысты кәсіподақтың 11 мүшесіне қаржылай көмек көрсетілді.
Кәсіподақтың 12 мүшесіне денсаулық жағдайы бойынша қаржылық көмек көрсетілді.
«DENSAULYQ» кәсіподағы кәсіпорындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбек инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктері туралы үнемі жұмыстар жүргізеді. Өндіріс құрамында оқыту және қайта даярлау бойынша инспекторлар жұмысы жүргізілді.
Атқарылған жұмыс біздің қоғамдағы өзара көмек пен әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын білуге мүмкіндік береді. «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының қоғамдық бірлестігі бастамашылық еткен осындай іс-шараларды өткізу басқа ұйымдар үшін құнды бастама болып табылады. Оның мақсаты ұйымдар мен азаматтарды республика халқының әл-ауқатын жақсарту жөніндегі іс-шараларға қосылуға жіберу болып табылады. Алдағы уақытта кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау, көмек көрсету және олардың жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жалғастырылатын болады.
«DENSAULYQ» Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ 2024 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есеп
«DENSAULYQ» Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі 2024 жылдың 6 ай уақытында 428 бастауыш кәсіподақ мүшелерін қамтыған 13 кездесу ұйымдастырды.
22 Наурыз көктем мерекесіне әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, материалдық қолдауға мұқтаж 320 кәсіподақ мүшелеріне азық-түлік себеті түрінде материалдық көмек берілді.
«12-мамыр мейірбикелер күні» «Үздік мейірбике» конкурсы ұйымдастырылып, Түркістан облысының 45 мейірбикесіне қаржылай сертификаттар тапсырылды.
15-17 мамыр күні «Медицина қызметкерлерін қорғау» тақырыбында 3 қалада (Түркістан, Сарыағаш, Шымкент) оқу-семинары ұйымдастырылды.
Медицина қызметкерлері күні кең көлемде аталып өтілді. «Үздік» номинациялары бойынша конкурс ұйымдастырылып, 12 жеңімпаздарына сыйлықтар сондай-ақ медицина саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді, мерекелік іс-шара кең көлемде аталды.
Үйдің өртенуіне, денсаулық жағдайына байланысты 4 кәсіподақ мүшесіне қаржылай көмек көрсетілді.
Әр кәсіподақ мүшесінің өз таңдауы бойынша еліміздің 7 шипажайында 130 кәсіподақ мүшесі демалды.
2024-2025 оқу жылында мектеп жасындағы балалары бар отбасыларға «Бірінші сыныпқа бірінші рет» акциясы бойынша 251 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтары бар сөмке тапсырылды.
https://www.instagram.com/p/C-qKV4to4WG/
https://www.instagram.com/p/C8n2qdqBzyn/
https://www.instagram.com/p/C7ALswVs1kA/
https://www.instagram.com/p/C7BH5lzCitO/
https://www.instagram.com/p/C7DrOAcC1KU/
https://www.instagram.com/p/C7Ds6WUiYtc/
https://www.instagram.com/p/C7J5glzshJI/
https://www.instagram.com/p/C4sOitpN1eg/
https://www.instagram.com/p/DBdwTgGoalS/?img_index=1