Төраға
ЖАҚСЫКЕЛДІНОВ БАХТИЯР УАЛИХАНҰЛЫ
Жақсыкелдінов Бахтияр Уалиханұлы 1985 жылдың 15 қыркүйегінде Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылында туған. 2013 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2006 жылдан бастады. Әр жылдары «Алматы облысының жастар саясаты орталығы» мемлекеттік мекемесінде кеңесші, бөлім басшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы Алматы облыстық филиалына жетекшілік еткен. «Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалында еңбек етіп, кәсіподақ жұмысын жан-жақты пысықтаған. Қазіргі таңда «KELESHEK» жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігін құрып, жылдар бойы жинаған тәжірибесін еңбек ұжымдарының игілігіне жұмсауға дайын. |
Кәсіподақ туралы
«KELESHEK» жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі 2022 жылғы 3 маусымда тіркеліп, 2023 жылдан бастап өз жұмысын бастады. Талдықорған қаласында орналасқан. Бүгінде «KELESHEK» жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құрамында 11 мекеме бар, оның 3 медицина мекемелері.
Кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлердің барлық жалақы түрлерінен аударылатын 1 пайыздан жиналған мүшелік жарнаның 70 пайыздан кем емес мөлшерін бастауыш кәсіподақ ұйымына күнделікті іс-әрекетін жүргізу үшін қайта аударылып отыр.
«KELESHEK» жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің басымдықтары:
- Кәсіби тәуекелдер мен қателердің салдарын жою;
- Еңбек даулары мен жанжалдарды шешу;
- Кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғауды қамтамасыз ету;
- Еңбек дауларын сотқа дейін шешуге қатысу;
- Жалақыны индекстеу және көтеру;
- Жұмыспен қамту және сауықтыру жәрдемақысын төлеу;
- Еңбек жағдайы мен өмір мүру сапасын арттыру;
- Емдік-шипажай демалыстарына жолдамалар беру;
- Келіссөздер жүргізу, келісімдер және ұжымдық шарттар жасау;
- Әдістемелік, кеңесшілік, құқықтық көмек көрсету;
- Еңбек өтілі жоғары мен қоғамдық жұмыста белсенді қызметкерлерді марапаттау;
- Материалдық және қайырымдылық көмек көрсету.
Әлеуметтік серіктестік аясында «KELESHEK» жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі «Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен, «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы келісім жасасты.
2023 жылы кәсіподақ бірнеше емдік-шипажай демалыс орындарымен келісімшарт жасасып, 10 кәсіподақ мүшесіне жолдама тапсырды. Сонымен қатар мерекелі күндері кәсіподақ мүшелерін құттықтап, марапаттау қолға алынған. Бүгінгі күнде кәсіподақтың 4 мүшесі «Ұлттық медициналық ассоциациясы» РҚБ-нің «Мамандығына адалдығы үшін» төс белгісімен, 4 мүшесі «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ-нің құрмет грамотасы мен алғыс хатымен, 2 мүшесі Алматы облысын әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хатымен, 2 мүшесі Алматы облысы мәслихатының құрмет грамотасы мен алғыс хатымен, 40 мүшесі «KELESHEK» жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек адамы» төсбелгісімен және 82 мүшесі құрмет грамотасы мен алғыс хатымен марапатталды. «Мектепке жол» акциясы аясында 20 кәсіподақ мүшесінің 1 сыныпқа баратын баласына оқу құралдарын тапсырылды. Сонымен бірге 2 мүшеге қайырылымдық көмек көрсетілді.
«KELESHEK» жергілікті кәсіптік одағы « ҚБ
2024 жылдың 6 айында
жүргізілген жұмыс туралы ақпарат
2024 жылдың 6 айында «KELESHEK» жергілікті кәсіподақ» ҚБ 50 адамды қамтыған бастауыш ұйым мүшелерінің 2 жиналысын өткізді. Жұмыс топтарымен 100 адамды қамтыған 3 жарнамалық кездесу өткізілді. Жетісу өңірінің бастауыш ұйымдарының мүшелері мен медицина қызметкерлеріне «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» және «Медицина қызметкерлерінің құқықтық қорғалуы» тақырыптарында 70 адамды қамтыған 150 000 (жүз елу мың) теңгеге 2 семинар өткізілді. 105 кәсіподақ мүшесі көтермеленді. 4 санаторийге сауықтыру демалысы үшін 486 000 (төрт жүз сексен алты мың) теңге сомасына 10 жолдама берілді.
https://www.instagram.com/p/C6Nnsp2tK3e/
https://www.instagram.com/p/C32yDnQNw5L/
https://www.instagram.com/p/C3XgMebtCCI/
https://www.instagram.com/p/C8uXW9YiASd/
https://www.instagram.com/p/C4Xa2KXt5s4/