Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Ақмола облысында медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Ақмола облысының медицина ұйымдарында «QazMed» салалық кәсіптік одағының мүшелік ұйымы болып табылатын «SENIM» жергілікті кәсіподағының мүшелері – медицина қызметкерлерін ұлықтауға арналған салтанатты іс-шаралар өтті.

Мерекелік күндері өңірдің денсаулық сақтау ұйымдарының ұжымдарында халық денсаулығын қорғау жолында күн сайын аянбай еңбек етіп жүрген дәрігерлер, орта және кіші буын медицина қызметкерлері, сондай-ақ саланың өзге де мамандары мен қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Медицина қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі, өз ісіне адалдығы және денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін олардың атына көптеген жылы лебіздер мен алғыс сөздер айтылды.

Іс-шара барысында жергілікті атқарушы органдардың басшылары, медициналық ұйымдардың жетекшілері, сала ардагерлері және кәсіподақ қозғалысының көшбасшылары құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді. Олардың қатарында кәсіподақ қозғалысының ардагері Қәкенов Серік Қабдушұлы да болып, ақ халатты абзал жандар еңбегінің маңыздылығын және кәсіподақтың қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғаудағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.

Мерекелік іс-шаралар ең ізгі мамандықтардың бірі саналатын медицина саласы өкілдеріне деген зор құрметтің жарқын көрінісіне айналды. Көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі, белсенді қоғамдық қызметі және денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін қызметкерлер медальдармен, Алғыс хаттармен, Құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Салтанатты кездесулер медицина қауымдастығының әртүрлі буын өкілдерін біріктіріп, жылы әрі тағылымды жағдайда өтті. Мұндай іс-шаралар медицина қызметкері мамандығының қоғамдағы жоғары мәртебесін айқындап қана қоймай, ұжымдық бірлікті нығайтуға, саланың үздік дәстүрлерін сақтауға және кәсіподақ қозғалысын дамытуға ықпал етеді.

«SENIM» жергілікті кәсіподағы «QazMed» салалық кәсіптік одағымен бірлесіп, денсаулық сақтау қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың кәсіби дамуын қолдау және медицина мамандығының беделін арттыру бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.