19 маусым күні Медицина қызметкері күні қарсаңында «QazMed» салалық кәсіподағының өкілдері Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұйымдастырған салтанатты іс-шараға қатысты.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен кәсіподақ атынан Гайсина Гүлдана Болатқызы құттықтады. Өз сөзінде ол мамандардың адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.
Іс-шара барысында үздік қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық наградалары мен «QazMed» салалық кәсіподағының медальдары табысталды.
Медицина қызметкерлеріне өз ісіне деген адалдығы үшін алғыс білдіреміз! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, жаңа кәсіби жетістіктер, сарқылмас күш-қуат және адам денсаулығын қорғау жолындағы игі қызметтеріңізге табыс тілейміз!