Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Астанадағы №6 қалалық емханада медицина қызметкерлері марапатталды

19 маусым күні Астана қаласының №6 қалалық емханада азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғау жолында күн сайын аянбай еңбек етіп жүрген жандарға арналған кәсіби мереке – Медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Бұл күні кәсібилігімен, жауапкершілігімен және таңдаған мамандығына адалдығымен отандық денсаулық сақтау саласының берік негізін қалыптастырып жүрген медицина қызметкерлеріне алғыс пен лайықты құрмет сөздері айтылды.

Іс-шараның құрметті қонақтары «QazMed» салалық кәсіподағының төрағасы Матишев Алиақпар Болатұлы және медицина ғылымдарының докторы, «QazMed» РҚБ кеңесшісі Біртанов Елжан Амантайұлы болды. Олар емхана ұжымын кәсіби мерекемен құттықтап, медицина қызметкерлерінің халық денсаулығын сақтауға және еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосып отырған өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті.

Салтанатты марапаттау рәсімі барысында Алиақпар Матишев пен Елжан Біртанов үздік қызметкерлерге салалық және мемлекеттік наградаларды табыс етті. Атап айтқанда, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, Астана қаласы әкімінің орынбасарының, Алматы ауданы әкімінің, Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хаттары, сондай-ақ «QazMed» салалық кәсіптік одағы төрағасының Құрмет грамоталары тапсырылды.

Әрбір марапат медицина қызметкерлерінің көп жылғы адал еңбегінің, жоғары кәсіби шеберлігінің және адам денсаулығын сақтауға бағытталған абыройлы миссияға деген адалдығының айқын көрінісі болды.

«QazMed» салалық кәсіподағы барлық медицина қызметкерлеріне жанқиярлық еңбегі үшін шынайы ризашылығын білдіреді және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық және кәсіби құқықтарын қорғау ісіне әрдайым қолдау көрсететінін растайды.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, кәсіби қызметтеріңізде жаңа жетістіктер мен барлық бастамаларыңызға толағай табыс тілейміз!

 

 

https://www.instagram.com/p/DZ16nssiCR9/?img_index=1