«Артық жұмысты жүктеу: дәрігер қалай дұрыс әрекет етуі керек?»
2026 жылғы 18 қарашада «QazMed» салалық кәсіподағы кәсіподақ мүшелеріне арналған «Артық жұмысты жүктеу: дәрігер қалай дұрыс әрекет етуі керек?» тақырыбында кезекті онлайн-семинар өткізді.
Семинар спикері — Алексей Жирков, «Медицинское право» ЖШС басшысы, құқық магистрі, Қазақстан Республикасы заң консультанттары палатасының мүшесі, «QazMed» салалық кәсіподағының серіктесі.
Семинар барысында қатысушылар қосымша жұмысты жүктеудің қандай жағдайларда заңды болып саналатынын, лауазымдық міндеттер мен оларды заңсыз кеңейту арасындағы шекараны, сондай-ақ медицина қызметкеріне еңбек шартында және лауазымдық нұсқаулықта көзделмеген міндеттер жүктелген жағдайда қалай әрекет ету керектігін талқылады.
Практикалық ұсынымдарға, еңбек құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктеріне және осындай жағдайларда дәрігердің әрекет ету алгоритміне ерекше назар аударылды.
Семинар соңында Алексей Жирков қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Осындай оқыту семинарларын өткізу — «QazMed» салалық кәсіподағы жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Бұл медицина қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.