Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«QazMed» бастамасы: жарналардың 90%– кәсіподақ мүшелерінің нақты қажеттіліктеріне жұмсалады!

Жұмысшылардың мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлі.

Кәсіподақтардың басты міндеті — жұмысшылардың еңбек, кәсіби және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау. Бұл, әсіресе, жұмысшыларға түсетін жүктеменің артуы мен құқықтық қолдауға деген қажеттіліктің өсуі жағдайында, әсіресе денсаулық сақтау саласында, аса маңызды.

 

Кәсіподақты еркін таңдау құқығы.

Кәсіподаққа кіру туралы шешімді кәсіподақ мүшесі мен бастапқы кәсіподақ ұйымы жалпы жиналыста кәсіподақ мүшелерінің жеке жазбаша келісімімен бірге қабылдайды. Ешкім ешкімге кәсіподаққа мүше болуды мәжбүрлей алмайды және қай кәсіподақты таңдау керектігін нұсқай алмайды.

 

Қысым көрсету мен құқық бұзушылықтарғажол берілмеу керек.

Жұмысшыларды белгілі бір кәсіподаққа мәжбүрлеп кіргізу, басқа кәсіподақ ұйымына өтуіне кедергі жасау, сондай-ақ олардың мүшелік жарналарын келісімінсіз пайдалану — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 6-бабы мен «Кәсіптік одақтар туралы» Заңының 7 және 29-баптарының өрескел бұзылуы болып табылады.

 

Әлеуметтік бастамалар маңызды, бірақ қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты шектеулі.

Әлеуметтік қызмет кәсіподақтардың, оның ішінде бастауыш ұйымдардың да ажырамас бөлігі болып қала береді. Алайда іс жүзінде бастамаларды жүзеге асыру көбінесе жергілікті қаржылық мүмкіндіктердің шектеулі болуымен қиындық тудырады. Бұл санаторийлерге берілетін жолдамалардың санына, кәсіподақ мүшелеріне көрсетілетін көмектің түрлері мен көлеміне, іс-шаралардың сапасына әсер етеді.

Қаражаттың жетіспеушілігінің себебі — кәсіподақ жарналарының 40% жоғары ұйымға аударылатыны. Нәтижесінде, қалған 60% бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелерінің нақты қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге жеткіліксіз болып отыр.

 

Жергілікті деңгейде қаражат көлемін арттыру:жарналарды бөлу жаңа тәртібі.

Кәсіподақ қаражаттарын пайдалану тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында «QazMed» РҚБ пилоттық жобаны іске қосуда. Осы жоба аясында жарналардың 90% бастауыш кәсіподақ ұйымында қалады, ал тек 10% жоғары ұйымға бағытталады.

Бұл жүйе ұжымға қаржыны өз еркіменбасқаруға мүмкіндік береді, қаражатты қызметкерлердің нақты қажеттіліктеріне жұмсауға жағдай жасайды. Осылайша, жарналар кәсіподақтың әрбір мүшесіне нақты пайда әкеледі.

 

«QazMed» бастамасына қатысып, команда мүшесі болыңыз!

«QazMed» ұсынған кәсіподақтың жаңа үлгісі: адал, ашық және сен үшін!