2026 жылғы 18 қарашада «QazMed» салалық кәсіподағының бас менеджері Рысалды Маратқызы Павлодар қаласының Психикалық денсаулық орталығының ұжымымен, «QazMed» кәсіподағының мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында ол салалық кәсіподақтың атқарып жатқан жұмысы туралы баяндап, жүзеге асырылып жатқан жобаларға, денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған бастамаларға, құқықтық қолдау көрсету мүмкіндіктеріне, кәсіподақ мүшелерін оқыту және сауықтыру бағыттарына тоқталды.
Сондай-ақ кәсіподақтың цифрлық мүмкіндіктеріне және медицина қызметкерлеріне құқықтық әрі кәсіби мәселелерді шешуге көмектесуге арналған QazMedAI мобильді қосымшасына ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Әңгімелесу барысында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіподақ қызметінің өзекті бағыттары бойынша жауаптар алды.