Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасында (КБА) үйреншікті жұмыс мәселелері мүлдем басқа — логикаға, білімдарлыққа және тапқырлыққа арналған сұрақтарға орын берді.
«QazMed» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы болып табылатын «SENIM» жергілікті кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшелері арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойынын өткізді. Ойын үстелдері басында — алты команда, түрлі болжамдар, қызу пікірталастар, тосын шешімдер және әр раунд сайын үдей түскен ерекше құштарлық.
Медициналық ұйымның дәрігерлері, мейіргерлері және басқа да қызметкерлері үшін команда болып жұмыс істеу таңсық емес. Алайда бұл жолы олар диагноз жөнінде емес, дұрыс жауап төңірегінде ой жарыстырып, әріптестерінің біліміне тәнті болды, сәтті болжамдарды тауып, мүлде басқа себеппен жеңіске қуанды.
Мұндай кездесулердің басты мәні де осында болса керек. Бір жұмыс біріктірген жандар жай ғана бірге уақыт өткізіп, емін-еркін әңгімелесуге, бірге күлуге және бір-бірін жаңа қырынан тануға мүмкіндік алады.
Мықты ұжым тек жұмыс кабинеттерінде ғана қалыптаспайды. Кейде ол үшін бір үстел, қызықты сұрақ және бірге ойнауға деген ықылас жеткілікті.
Жұма кешін интеллект пен құштарлыққа, көтеріңкі көңіл күйге толтырған ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс білдіреміз!